7 жылда жүрегіне екі рет ота жасатқан Тараз қаласының тұрғыны мүгедектігін дәлелдей алмай жүр.
JANA-Qazaqstan.Телеарна мәліметінше, Қарлығаш Жақсыбаева жүрегіне алғаш рет 2015 жылы, екіншісін 2021 жылы операция жасатқан. Бірақ әлі күнге дейін мүгедектігін дәлелдей алмай жүр.
«Ешқандай тексеру жүргізілген жоқ. 2021 жылы ота жасалғаннан кейін 5 ай өткен соң УДЗ қорытындысы бойынша шешім шығарылды.Мамандар 7 жыл емделіп, толық жазылып шығықты деген қорытынды жасады. Бірде-бір маман қазіргі жағдайымды тексерген жоқ», – дейді Қарлығаш Жақсыбаева.