Нұр-Сұлтанда қатты желден мұнара краны құлады.

JANA-Qazaqstan.«2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан «Sen» тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны»НЕОТЕХ» ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын», – делінген хабарламада.

Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.