Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталады. Ал өркениеттің дамуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi.
JANA-Qazaqstan.«Нұрдың екі тамшысынан Лаухы мен Қалам жаралды. Ұлық Алла Қаламға: «Жаз!» – деп бұйырды. Әуелден ақырға дейінгі болатын оқиғаны Лаухыдағы тағдыр тақтасына тіздірді. Оған Лаухы-Махфуз деп ат берді. Қалам айнадай жарқырап тұрған тағдыр тақтасына ең бірінші «Мұхамбет» деп жазды», – деп басталатын қиссада жазудың қайдан бастау алатындығы айтылған. Одан бері жер қанша рет өз осінен айналып, ілім-ғылымның не бір түрі дамыды. Сәйкесінше, жазудың да деңгейі өсті.
Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық, оны жазу және мәдениет, жазу – өркениет, жазу – қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. Өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды:
- әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең;
- жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең;
- жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең.
Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.
Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, ғұрыптары мен әр алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.
Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі жазуы, ұйғыр, араб жазуы және Ахмет Байтұрсынұлының төте жазу (ТЖ) үлгісi, латын графикасына негiзделген қазақ жазуы (ЛГнҚЖ), орыс графикасына негiзделген қазақ жазуы (ОГнКЖ) жатады.
Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.
Бiз қазақ халқының қолданған жазу типтерiн семасиографиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зерттеуге фонемаграфиялық жазу түрлерiн нысан етемiз. Өйткенi, пиктографиялық жазу мен дыбыстық жазу жазудың екi басқа типiне жатады. Екiншiден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу түріне санамайтын көзқарастар басым, үшiншiден, пиктографиялық жазу өз алдына кең масштабтағы зерттеуге нысан бола алады. Және қазіргi қазақ жазуының бейнесiн, болашақ “кескiнiн” тану үшін қазақ жазуы тарихындағы дыбыстық жазу түрлерінің сипатын, әліпбиi мен емлесiн анықтау қажеттiгi бар.
Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Жазу тарихын жан-жақты білу үшін графикалық лингвистика теориясын терең тану керек. Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әлем тіл білімінде өзінің жетістіктерімен ерекшеленетін сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясының маңызы зор болды. Себебі қазіргі жазуымыздың өзі А.Байтұрсынов еңбектеріндегі жазу теориясымен сабақтасып жатыр. А.Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А.Байтұрсынов жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекші атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгеріс енгізген. Ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А.Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды.
Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған әліпбидің бір артықшылығы ретінде тіліміздегі барлық дыбыстар жеке-жеке әріптермен таңбаланған айтуға болады. Ал батыс халықтарының латын графикасына негізделген әліпбиінде барлық дыбысқа жеке-жеке әріптердің жете бермейтінін байқауға болады. Сондықтан олардың жазу жүйелерінде әріптердің асты-үстіне қойылатын қосымша белгілер, көптеген диакритикалық таңбалар мен екіден жетіге дейін әріптердің тіркестері қолданылатын болған.
Тіліміздің толық орфографиялық сөздігінің (1998, 2001, 2006ж.) басылымдарына біраз уақыт өтті. Бұл жылдар қазақ тілінің қызмет етуі мен даму барысында айтарлықтай тарихи құбылыстардың кезеңі болғаны мәлім. Осы мерзім ішінде қазақ тілінің ішкі даму заңдылықтарында да әсіресе, экстралингвистикалық деп аталатын сыртқы яғни қоғамның саяси, мәдени, құрылымдық, экономикалық т.б. өзгерістеріне орай орын алған деректерге де қатысты тіл білімінде де елеулі жаңалықтар, соны бағыт-бағдар пайда болып жатқаны белгілі. Бұлқазақтілініңқатысымдыққызметіне де оңдыкөрінісберуде.
Тіл – тарихиқұбылыс, халықтыңәлеуметтікөмірініңқызметшісі. Әсіресе, анатіліміздіңмемлекеттіктілстатусын (дәрежелікатағын) иемденгентұстанберісөздікқазынамыздыңтолығу, іріктелубағытына, оның терминология саласына, сондай-ақәріптердіңаталуына, емлемәселелеріне, қазақтілініңүндестікзаңысияқтыфонетикалықжүйесіндегітабиғиқұбылыстардажетілдірулердіңжүріпжатқаныбайқалады. Ал бірқатарпікірлербаспасөзбеттері мен жиын-конференциялардаграфиканың (алфавиттің) түр-тұрпаты мен емлегетүбегейліөзерістеренгізутуралыпікірсайыстар, болашақүшінтілек-талаптартүріндеорыналыпкеледі. Бұлардыңбірқатарықазіргікирилицадан (орысалфавитінен) латынжазуынакөшукезеңдеескерілугетиіспікірлерболса, ендібірсыпырасыкөшкенгедейін-аққолданыстағыәліпбиқұрамынөзгертуді, кірмесөздерді «қазақшасындырып» жазудыұсынусияқтыталаптартүріндеболыпотыр.
«Қазақ тілінің» жаңа бағдарламасында «Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдықәлеуметтік мәнін түсінген, тілідің қызметін жүйелі меңгерген, қатысымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» деп көрсеткен. Бұл – өмірдің өзі туғызып отырған талап. Оқушылардың дүниетанымдылығын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің маңызы ерекше. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздің орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасына орай орнымен қолдана білу, сөздің морфологиялық құрылымы, сөзден сөйлем құрау жолы сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық – әлеуметтік маңызы артып, қолдану өрісі кеңейіп отырған жағдайда орфографиялық білімдерін кеңейтіп, өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтырудың маңызы арта түсуде.
Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды.
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар: Күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Ережелер жүйесі:1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге , бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип — сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип — дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну қажет.
Адамзат мәдениеті тарихында алфавитпен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздіңде өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавитпен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз.
Барлық оқу пәндері сияқты, қазақ тілі грамматикасы да тілдік ұғымдардың жүйесінен жасалады. Соған орай грамматиканың әрбір бөлімі мен тарауы, тақырыбының өздеріне тән атаулары мен ұғымдары бар. Оқушыларда тіл ережелерін меңгеруінің психология-педогогикалық негіздеріне байланысты болмақ. Мәселенің мәні біріншіден, оқушылардың оқыту үдерісінде тілдік ережелерді жете түсініп, меңгеру болса, екіншіден, сол грамматикалық ұғым-түсініктерді тиімді амал-тәсілдер арқылы түсіндіру, үшіншіден, әрбір тілдік ұғымдардың өзіндік мен жалпы белгілерін ажырата білуге шәкірттерді машықтандыра отырып, орфографиялық сауаттылықты тіл материалдарының ереже негізінде қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың тілін дамыту жұмысында мұғалімдердің қызметі көрнекті орында тұрады. Ал оған педагогикалық жағдай туғызу оқушылардың сөйлеу дағдыларының дұрыс қалыптасу үдерісіне әсер ететін құралдарды таңдау немесе әдістемелік әдіс-тәсілдерін байыту сияқты мәселелер келіп шығады.
Ұлттық жазуға келгенде, жақында жарияланған Елбасымыздың бүгінгі, келесі ұрпақ үшін аса маңызды мақаласында «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» дей келе мақаланың келесі бөлігінде «…қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп нақты тапсырма бергендей болады. Демек, төл тарихымызды ұмытпай, тіліміздің қадірін қастерлеу – адами парызымыз, ұлттық борышымыз деп білеміз.
Авторлары:Турбаев Оразбек, Дулат Жанибек