Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тепловоз әйелді басып кетті.

JANA-Qazaqstan.Телеарна мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен «Өскемен-1″ стансасындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды», – деді ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.