Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышевтың кандидатурасын мақұлдады.
JANA-Qazaqstan.«Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары: Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбарды сайлау туралы ұсыныс енгізді. Ұсынылған тұлғалардың сотта тәжірибесі бар – 33 жылдан астам. Олар сот жүйесінде беделге ие және Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын», – деді Денис Шипп.
Депутаттар екі кандидатқа да дауыс беріп, кейін Әмір Досжан ант берді.