Құтқарушылар облыстың су қоймаларын қарауылдау үшін атқа міну дағдыларын еске түсіруге мәжбүр болды. Мұндай қажеттілік жазатайым оқиғалар жиі болатын рұқсат етілмеген су қоймаларын жедел қамту үшін туындады.
JANA-Qazaqstan.«Алдын алу рейдтеріне мұндай тәсілді өткен жылдан бері қолданып келеміз. Адамдар оқшау демалуға жиі асығатын алыс қашықтықтар мен жету қиын жерлер құтқарушылардың атпен патрульдеп, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге мүмкіндік береді. Алдын алудың жаңа әдісін енгіземіз. Біздің жұмысымыз өте жауапты және оңай емес. Негізгі міндет – судағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға тырысу. Адамдармен сөйлесеміз, белгіленбеген және тыйым салынған жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіреміз. Сонымен қатар, полицияның қатысуымен өзендердің жайылмаларында спирттік ішімдіктер ішпеуін қатаң қадағалаймыз», – деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
«Жылқылар ыстыққа қарамастан төзімді жануарлар. Біз оларды бақылауға тырысамыз. Патрульдеу кезінде көбінесе суға шомылуға рұқсат етілмеген орындарға баратын тәртіп бұзушыларды табамыз», – деп атап өтті Ұлан ауданы ТЖБ бастығы Әділ Бидахметов.
Бірлескен патрульдеу тек жағалауда ғана жүргізілмейді. Қызметкерлер құқықтық тәртіпті катерлермен де бақылайды. Ол жерден кеңірек көрініс ашылады, өйткені жаздың ыстық күндерінде адамдар су қоймаларына жаппай келеді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері облыстағы су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның 1-і бала. Олардың барлығы тыйым салынған жерлерде шомылған.