Елімізде 18,5 мың нашақор есепте тұр. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлім етті.

JANA-Qazaqstan.«Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 пайызға өскен. Әлемде шамамен 275 млн нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепші болып отыр. 19 млн халқы бар Қазақстан үшін есірткіге елітудің тіпті, елеусіз көрсеткіші ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр. Оның ішінде 1,5 мыңы – әйел, ал 94-і – жасөспірім», – деді ол министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.