Түркістан облысы Шардара ауданында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты.
JANA-Qazaqstan.Телеарна мәліметінше, BMW 5251 көлігі тасжолдан шығып кетіп, сайға аударылған.
«Жетісай қаласы бағытында келе жатқан BMW 525 автокөлігі жолдың оң жағына шығып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам: жүргізуші мен оның үш жолаушысы қаза тапты», – делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы,4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» ретінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.