Қасым-Жомарт Тоқаев зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды.
JANA-Qazaqstan.»Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген құжатта.
Маусым айының басында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көздейтінін баса айтты.
«Бұл заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көздейді. Құжатта зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған. Заң жобасында ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелердің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты нормалар да бар. Сондай-ақ енгізілген нормалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге бағытталып отыр. Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтарымыздың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.