Павлодардағы мекемеде мүгедектерді қорлаған. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру барысында өрескел деректер анықталды. Бұл туралы прокурорлар айтып берді.
JANA-Qazaqstan.Телеарна мәліметінше, облыстың мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған. Азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион теңге бюджет қаржысы заңсыз игеріліп, ұрланған. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету дерегін анықтадық. Сонымен қатар, тексеру барысында бейнекамералардағы жазбалар алынды. Нәтижесінде санитар мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып ұстағанын анықтадық», – дедi Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Көкімбаев.