Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды.
JANA-Qazaqstan.Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусымда сағат шамамен 16:00-де болған.
«Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департамент өкілдері.
Жол апатына жолда жүру ережесін сақтамау