Алматы республикалық психиатриялық сауықтыру орталығында ресми түрде нашақор деп танылған 100-ден астам бала емделіп жатыр. Тағы 150-ге жуық жасөспірім тіркелген.

JANA-Qazaqstan.Емделушілердің бірі – дзюдодан спорт шебері, 17 жаста. Ол екі айдан бері дәрі-дәрмек ішіп, емделіп жатыр. Есірткіні алғаш рет 16 жасында, сүйген қызымен ажырасқаннан кейін қолданған.

«Күні-түні үйде болмайтынмын, кіреберісте екі күндеп отыра беретінмін. Ұйықтамай, тамақ ішпей. Қолданғанда (есірткі – еск.) ең ұзақ үйде болмағаным тоғыз күн болды. Тоғыз күнде 17 келі тастадым. Тамақ ішпедім, ұйықтамадым. Үнемі кіреберісте болдым. Ата-анам: «Болды, Данил, тыныштал» деп айтып кететін», – деді Данил.

Мамандардың айтуынша, нашақорлар саны жыл санап артып келеді.

«Біз психотроптық заттардың жаңа класына жатқызатын есірткіні қолданатындар саны артып барады», – дейді психиатр-нарколог Гүлмира Сәдуақасова.