Әрине, энергия бәрімізге өте қажет күш деп айтар едім. Адамның энергиясы-бұл денеге тұтастық беретін, өмірге дем беретін көрінбейтін күш. Оның табиғаты туралы ежелгі мыңдаған трактаттар жазылған, белсенді философиялық ойлар жүргізіліп, байыпты ғалымдар назар аударған.
Дегенмен де, жүз пайыз жауап әлі табылған жоқ сияқты. Бір адамға қарасақ энергиясы тасыған, ал енді біреуін қарасақ, керісінше, энергия күші сарқылғанын байқап жатамыз. Неге олай? Жалпы энергияны қайдан және қалай алуға болады?. Ол туралы да біздің әрқайсымызда түсінік бар сияқты. Сайып келгенде, біздің арлығымызға энергия қажет.
Бұл таңертең тұруға, мақсаттарға жетуге және тек жақсы уақыт өткізуге көмектеседі. Тар мағынада біз тамақтан қуат аламыз және қозғалысқа жұмсаймыз – мидың, бұлшықеттердің, ішкі органдардың және жалпы дененің барлық жасушаларының жұмысы. Бірақ кең мағынада, энергия біздің өмірлік күшіміз. Біз оларды тамақпен бірге келетін қоректік заттардан ғана емес, сонымен қатар жұмыстан, қарым-қатынастан, әдемі нәрсені жасаудан және ойлаудан аламыз.
Сондай-ақ біз энергияны әртүрлі жолдармен жұмсаймыз – кейде тиімді, ал кей кездері қажет емес жағдайларға жұмсаймыз.
Керемет әдет – жоғары эмоционалды фонда, ынта-жігермен, шабытпен, құштарлықпен және ынтамен өмір сүру. Мақсаттарды, перспективаларды және мүмкіндіктерді көру әрқашан маңызды: дәл осылай, тіпті тиін де дөңгелекте жігерлі жүгіруден шаршайды. Егер сіз алдыңызда жарқын перспективаларды көрсеңіз, сіз өзіңіздің іс әрекетіңіздің жарқын мағынасы бар екендігін және бұл өте шынайы екенін түсініңіз, сонда энергия жоғары болады. Жақын маңдағы жақсы орта сізді ынталандыратын бірден- бір күш.
Менің айтарым, үнемі күліп жүріңіз, жақын адамдарыңызға қуаныш сыйлауға тырысыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, ұйқы режимін сақтаңыз, спортпен шұғылданыңыз, кітап оқыңыз, стресске төзімділігіңізді қалыптастырыңыз, әр күннің атқанына шынайы қуаныңыз, кез- келген істі сүйіп орындаңыз, мақсатыңызға жетуде талмай еңбектеңіңіз, ең бастысы өмірді шынайы СҮЙІҢІЗ!!!.
Автор: Бейсенгалиева Еркежан,
Алматы қаласы