Алматы қаласының Құрметті азаматы, білім беру саласында көп жылдық еңбегі бар ұстаз Аягүл Миразова өз таңдауын жасады.
JANA-Almaty. Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, ұстаз Аягүл Миразова Алматының №372 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды.
«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек ету керек, күресе білуі тиіс. Біздің мемлекетімізді құратын да, оны дамытатын да, оны әділетті ететін де, ол – сіздер мен біздер, жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», – деді А.Миразова.
Еске салайық, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.