М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры өз таңдауын жасады.

JANA-Almaty. Алматыдағы №17 мектепте орналасқан №387 сайлау учаскесіне М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов дауыс берді. Сайлаушы Қазақстан Президентіне лайықты тұлғаны таңдағанына сенімді.

«Қазіргідей төрткіл дүние теңселіп тұрған шақта қарашаның тағдырын нағыз мықтыға тапсыруымыз керек. Әлемдік геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, біздің еліміздің ішкі жағдайын ескеретін болсақ, бізге ең бірінші бірлік керек, тұтастық керек, ынтымақ керек. Кез келген дүниені ынтымақпен шешуге болады. Бүгін мен осы бағытта өзімнің таңдауымды жасадым», – дейді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.