ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай Алматыда дауыс берді.
JANA-Almaty. Алматының №301 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі сайлаудың ел тағдыры үшін өте маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін біз Қазақстанда жеті жыл басқаратын президентті өз қолымызбен сайлап жатырмыз. Бұл шынтуайтына келгенде, тек қана келесі жеті жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін», – деді жазушы.
Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.