Президент сайлауы: Алматыда Алтынбек Қоразбаев дауыс берді.

Алматыда Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев кезектен тыс президент сайлауына қатысты. «Мамыр» шағын ауданындағы №202 орта мектепте орналасқан №211 сайлау учаскесіне барды.

Еске салайық, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.