Қазақ сахнасының, ән өнерінің аңыз тұлғасы – Бибігүл Төлегенова Алматыда дауыс берді.
JANA-Almaty. Бүгін Бибігүл Төлегенова сайлау учаскесіне бармады. Оның орнына көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері әйгілі тұлғаның үйіне дауыс беру жәшігін алып келді. Актрисаның пікірінше, сайлау – бұл азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Менің ойымша, президенттікке өз үміткерлігін ұсыну – өте үлкен жауапкершілік. Біз егемен мемлекетпіз. Президент міндетіне әлемдік аренада біздің құқығымызды қорғау кіреді», – деді Б.Төлегенова.