Технология мен жаңа салаларға еркін бейімделген XXI ғасыр түрлі мамандықтарға деген сұранысты тудырғаны анық. Сондай мамандықтың бірі – «медиатор».  

Медиатор – тәуелсіз сарапшы. Қазақстанда кез келген адамның медиацияға жүгінуге құқы бар. Медиацияға сотқа дейін де, кейін де баруға болады.

Бірақ бұл медиация арқылы кез келген дауды шешуге болады деген сөз емес. Медиация тек еңбектегі, отбасындағы және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешуге, онша ауыр емес, орташа ауыр және кейбір жағдайда ауыр қылмыстық істі шеше алады. Алайда қылмыстық істі медиацияның көмегімен шешу үшін алдымен сотқа бару керек. Қазақстанда медиация туралы заң 2011 жылы 28 қаңтарда жарияланды.

Медиатор мамандарға жүгіну Қазақстанда баяу дамып келсе де, өз кезегінде жүйелі жұмыс атқаруда. Медиация және медиаторлық бойынша сала маманы Шатикова Зуря  Ахметовнамен сұқбат құрдық: 

Қайырлы күн, Зәуреш ханым! Бізге сұқбат беруге келісім бергеніңізге үлкен алғыс білдіреміз! Әуелі, өзіңіз туралы баяндасаңыз

Мен 1946 жылы қыркүйек айында Ресейде Саратов облысы, Татищевский ауданының, Константиновка ауылында дүниеге келдім. 1963 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1968 жылдан бері Орал қаласында тұрамын. 4 бала дүниеге әкеліп, қазір 9 немере, 9 шөберенің қызығын көріп отырмын.

Зейнеткерлік жаста болсаңыз да, қоғамдық жұмыстарда өте белсенді екеніңізді байқадық

– Иә, 40 жыл түрлі әлеуметтік қызметтер атқарыппын. Қазіргі күні зейнеткерлік жастамын. Еңбек жылдарымды балабақшада тәрбиеші болудан бастап, Орал қаласындағы «Сенім» зейнетақы қорының басқарушы директоры қызметінде де болдым. Бірнеше мекемеде жұмыс істеп, адамдармен сөйлесу арқылы да медиация саласына келдім деп ойлаймын. Әр жұмыс қызметім әрқалай тәжірибе сыйлады. Айтқандай, қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емеспін. «Япурай», «Атамекен» ансамбльдерінің құрушысымын. Бірнеше байқаулардан жүлделі атандық, құрылғанымызға да 6 жыл толады. Еріктімін, адамдарға тегін қол ұшымды созуға көмектесемін.

Керемет! Қазір медиатор маманы екеніңізді білеміз.

Иә, медиация саласында қызмет атқарып жүрмін. Көпшілік үшін бұл қандай мамандық деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің мақсатымыз кез келген күрделі істерді сотқа дейін жеткізбей, тараптарды татуластырып, ортақ шешімін табу.

Мен «МПЦ» РҚБ тізіміндегі медиатормын, жетекшім Ж.Жакупов. Қазақстанда құрметті медиатор атағын алған алғаш болып алдым.

Медиатор мамандар сот істеріне қатыспайды, бірақ сот барысында медиатор мамандарға жүгінуге мүмкіндігі бар.Кейде сот медиатор мамандарға жүгінуді өзі ұсынуы мүмкін. Бірақ,бір тарап келіспесе,медиация жұмысы жүргізілмейді. Медиацияда қабылданған шешімді қатысушылардың өзінен басқа ешкім жоққа шығара алмайды.Шешім-медиатордың шешімі емес,қатысушылардың өз шешімі. Қазір сот істерінде түрлі мәселелер қаралады. Ажырасу саны да жыл сайын үдеп тұр. Ал, біз отбасы бірлігін сақтап, ашумен айтылған шешімді, медиация жұмысы арқылы шешеміз.

Медиация саласындағы тәжірбиеңіз

«Жайық жылу энергиясында» 6 ай тегін консультация жүргіздім және медиация бойынша жұмыстар атқардым. Сонымен қатар, Орал қаласындағы оқу орындарында студенттермен жұмыс жүргіздік. Медиация саласында жұмыс істеген алғашқы жылымда тегін медиатор маманы ретінде қызмет еттім

БҚО бойынша «Сенім» кәсіподағымен 3 жылдан бері меморандум келісім жасалды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан обыс,қала бойынша 30 ұйымымен және мекемелерімен меморандумдар келісімдер жүргізілді. Күні кеше ауыл мен қала арасындағы 2500 км қашықтық жол жүріп, сот ісінде медиатор маман болдым. Бұл зейнеткерлік жастағы мен үшін ауыр, бірақ біздің міндетіміз тараптарды татулыққа үндеу. Ал, екі жаққа ұтымды нәтиже болса, үлкен қуаныш қой!

Ынтымақтастық қорытындысы бойынша БҚО Теректі ауданы Жыл адамы номинациясы бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығын 2018 ж табыстады.

Медиацияға жүгіну кезінде әрекет шешімін таппаса, тараптар қандай әрекет жасайды?

Бұл жағдай соттың жалғасуына алып келеді. Десе де, әр медиатор маман жұмысының келісім және ынтымаққа қүрылған шешіммен аяқталғанын қалайды. Медиатор маманның нағыз қуанышы сол деп ойлаймын.

Сұқбатыңыз үшін рақмет, Зуря ханым! Сізге үлкен жетістіктер тілейміз!