Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

Бұл лауазымға Олжас Абайұлы Бектенов тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.