Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шаньси провинциясының Мәдениет және туризм департаментінің басшылығымен кездесу өткізді.

Шара барысында туризм саласындағы өзекті және өзара ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, инвестиция тарту, туристік индустрияны жаңғырту, мәдени-білім беру бағдарламалары, екі жақты даму және тәжірибе алмасу үшін жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды.