Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Болгария ғылым академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар ғылымды ілгерілетудегі ортақ ұмтылысты басшылыққа алып, бірлесе іс атқармақ.

ҚР ҰҒА мен БҒА меморандум негізінде ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, ақпарат пен ғылыми жарияланған жазбалармен алмасып, ғылымды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізеді.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА ғылымды дамыту үшін жаһандық ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнатпақ. Болгария ғылым академиясымен ынтымақтастық келісім болашақ үшін маңызды.