Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған, нашақорлықпен күрес айлығына арналған «RYH-MARAFON» ХІХ-шы жыл сайынғы жалпықалалық спартакиадасының 3-кезеңі стритболдан командалық турнир өткізілді.
Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің салтанатты орындалуымен ашылды, содан кейін турнирдің бас төрешісі жиналғандарға сөз сөйлеп, қатысушыларға турнирдің барлық ережелерін түсіндірді.
Биылғы жылы ДО арасындағы стритбол турниріне 22 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Қыздар командасы арасында 12-14 жас санатында:
II орынды «Барыс» демалыс орталығының командасы иеленді,
I орын – «Дархан» ДО;
Команда арасында 12-14 жас санатында:
III орын – «Дархан» ДО,
II орын – «Барыс» ДО,
I орын – «Горизонт Сити» ДО;
Қыздар командасы арасында 15-17 жас санатында:
III орын – «Дорожник» ДО,
II орын – «Барыс» ДО,
I орын – «Дархан» ДО;
Команда арасында 15-17 жас санатында:
III орын – «Жас Ұлан» ДО,
II орын – «Барыс» ДО,
I орын-«Жас-Art» ДО.
Жеңімпаз командалар құрмет грамоталарымен, кубоктармен және сыйлақтармен марапатталды.
«RYH-MARAFON» спартакиадасы демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, командалардың спорттық дайындығын көрсету және демалыс орталықтарының мықты спортшылары мен командаларын анықтау мақсатында жыл сайын өткізіледі.