Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Денсаулығыңды сақта» акциясын ұйымдастырды.

Акция азаматтарды қан қорын құрудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруға бағытталған және барлық қамқор адамдарды ерікті негізде донор болуға шақырады. Негізгі идея донорлық – қаныңызды қажет ететін бейтаныс адамға тапсырып, оның өмірін сақтап қалудың мүмкіндігі. Донорлық қан қоры күрделі операцияларға, босануға, қан кетуге, ауыр жарақаттарға, күйіктерге және басқа да ауруларға жұмсалады. Бір донордың қанын құрамдас бөліктерге бөліп, 4-5 науқастың өмірін сақтап қалуға болады.

Қолданылатын барлық медициналық құралдар стерильді және бір реттік болды.

Акцияға қатысушыларға донорлықтан кейін 2 күн демалуды қамтамасыз ететін медициналық анықтама берілді. Қан алу процедурасынан кейін донорларға шай мен тәтті тағамдар берілді.

Акцияға Алматы қаласының жастары мен тұрғындары, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, журналисттер мен белсенділер қатысты. Донорлар қызықты кездесулер мен тамаша атмосферада уақыт өткізіп, тақырыптық фотоаймақта естелікке суретке түсті.