Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері Шыңжаңда өткен Жібек жолы ресурстарының экологиясы және орнықты дамуы жөніндегі жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысты.

Бүкіл әлем бойынша академиялық алмасулар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі үш күндік конференция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға жиырмаға жуық елден 300-ден астам ғалым қатысып, тақырып аясында ойларын ортаға салды.

Шараға Қазақстаннан атынан қатысқан ҚР ҰҒА жас ғалымдары жаһандық экологияның болашағын айқындап, жалпы ішкі өнімге әсері туралы баяндама оқыды.