Украина басшысы Владимир Зеленский 2025 жылдың қаңтарында Дональд Трамптан Ресеймен қақтығысты реттеу туралы ұсыныс алғысы келетінін мәлімдеді.
Қараша айында Зеленский АҚШ-тың сайланған президентінің ықпалы зор екенін еске салып, егер Трамп көмек көрсетпесе, Украина қақтығыста жеңіліп қалуы мүмкін екенін айтқан.Welt газеті Зеленскийдің АҚШ-тың сайланған президентімен кездесуге тырысып жатқанын хабарлады.
«Мен Америка Құрама Штаттарының жаңа президентінің ұсынысын тыңдағым келеді. Біз оны қаңтарда аламыз деп ойлаймын, сол кезде бізде бұл соғысты аяқтау жоспары болады», — деп түйіндеді Зеленский.
Ол сондай-ақ «Африка, Азия елдерінің, араб мемлекеттері лидерлерінің ұсынысын тыңдауға қарсы емес екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге уәде берді. Бұған қоса, ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеді.