Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулыны бекітті.
Келесі жылдан бастап мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлемдер артады.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға арттыру жүргізілсін, – делінген Үкімет Қаулысында.
Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.