Шымбұлақта өтіп жатқан фристайлдан юниорлар арасындағы FIS әлем чемпионаты қыза түсуде. 7 және 8 қаңтарда «могул» және «параллель могул» жарыстары өтті. 9 қаңтарда «командалық параллель могул» бойынша дода өтті.
Қазақстан командасы «командалық параллель могул» бойынша екінші орынды иеленді! Құрама сапында Кузнецова Виктория, Дегтярёв Алексей, Феклистова Юлия, Раструба Денис, Мокина Юлия, Коротков Даниил, Ларионова Анастасия, Ибрагимов Ильнар, Городко Анастасия және Русаков Семен сынға түсті. Юлия Феклистова мен Денис Раструба жұбы тартысты жарыста командалық 2-орынды жеңіп алды!
Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко «могул» бойынша күміс, ал «параллель могул» бойынша алтын медальды иеленді!
Анастасия – юниор қыздар арасындағы мықты спортшы. 2024 жылы Италиядағы Юниорлар Чемпионатында «могул» және «параллель могул» бойынша алтын және күміс медальдарды жеңіп алған болатын.
7 қаңтардағы жарыс есебі бойынша “Жеке могул” бағытындағы жеңімпаздар
Юниор ұлдар:
- Nakahara Osuke (Жапония)
- Crozet Leo (Франция)
- Lee Yoonseung (Оңтүстік Корея)
Юниор қыздар:
- Taguchi Yuma (Жапония)
- Gorodko Anastassiya (Қазақстан)
- Mise Kurea (Жапония)
8 қаңтардағы жарыс есебі бойынша “параллель могул” бағытындағы жеңімпаздар
Юниор ұлдар:
- KROUPA Matyas
- CROZET Leo
- LAMEILLE Noe
Юниор қыздар:
- Gorodko Anastassiya (Қазақстан)
- CHAPDELAINE Reese
- McLARNON Abby
“Командалық параллель могул” бойынша жеңімпаздар:
- CHAPDELAINE Reese / COHEN Jiah
- FEKLISTOVA Yuliya / RASTRUBA Denis
- AYAD Anabel / LITTLEFIELD Chase
Жарыс 10 қаңтарға дейін жалғасады. Шаңғы акробатикасы және командалық шаңғы акробатикасы бойынша додалар әлі алда.