Қазақстандық тәуелсіз сарапшы-құқықтанушылар күш біріктіруде

«ZanSar» сараптамалық-құқықтық зерттеулер институты құқық қолдану теориясы мен практикасының аса маңызды және өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық құқықтық сараптамалық пікірлер, түсініктемелер, қорытындылар мен зерттеулер дайындауға бағытталған «Сот төрелігі қызметіндегі ғылым» жобасының басталғаны туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты Қазақстанда ғылыми негізделген және бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға жәрдемдесу. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі.

Бірнеше күн бұрын институттың сарапшысы, Каспий университетінің «Әділет» ЖМК қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Е. В. Нестерова дайындаған және көрнекті ғалымдар, сарапшылар, институттың арнайы сараптамалық кеңесі — М. К. Сүлейменов, А. К. Қалдыбаев және С. В. Скрябин құрамымен бекіткен, институттың алғашқы сараптамалық қорытындысы жарияланды.

Сараптамалық қорытынды мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде зардап шеккен мемлекеттік сатып алу қатысушысымен, жоғалған пайданы өтеу мәселелері бойынша сот актілеріне жүргізілген талдау негізінде дайындалды. Сараптамалық қорытындыда Қазақстан Республикасында қалыптасқан, тендерге адал қатысушы тендерден негізсіз шеттеліп, ол сот арқылы мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдеген кезде, тендер өтіп үлгеретін  және оның құқықтарын тендерде қалпына келтіру мүмкін емес сот практикасына, толық ғылыми талдау келтіріледі.

Мұндай жағдайда мемлекет жоғалған пайданы төлеу арқылы оның құқықтарын қалпына келтіруге міндетті. Алайда сот практикасы басқа жолмен жүрді: соттар жоғалған пайданы тек талапкерлер күткен пайданы алу ықтималды (болжамды) болып табылса ғана өндіріп алудан бас тартады, яғни жоғалған пайда дәлелденбеген болып қате бағаланады. Азаматтық-құқықтық мүліктік жауапкершіліктің негізгі функциясы, кредитордың бұзылған құқықтары мен мүдделерін толық қалпына келтіруді қамтамасыз етуге арналған, яғни ол өтемақылық функция. Мұндай сот практикасы әсіресе жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік (квазимемлекеттік) секторының субъектілері арасында қалыптасқан, экономикалық қатынастар саласында кең таралған. Айқын диспропорция бар: мемлекет құқықтық қорғау құралдарына, өзінің мүліктік мүддесін тиімді және жедел қалпына келтіруге және өзі жіберген бұзушылықтар жағдайында жеке контрагентті жазалауға мүмкіндік беретін кең арсеналына ие, ал жеке кәсіпкер жағдайында, оның шығындары мемлекеттік органдардың заңсыз мінез-құлқының салдарынан болғандығы дәлелденсе де сот арқылы қорғау және оның мүліктік құқықтарын қалпына келтіру өте қиын немесе мүлдем мүмкін емес.

Жоба шеңберінде құқықтық қорытындыларды құқықтың тиісті салаларында терең білімі бар «ZanSar» институтының жоғары білікті сарапшылары әзірлейтін болады. Тиісті ғылыми-практикалық деңгейді қамтамасыз ету үшін әрбір қорытынды арнайы құрылған сараптамалық кеңесте талқыланатын және бекітілетін болады.

Институттың құрылымы, сондай-ақ қорытындылар дайындау үшін сарапшыларды тартудың қатаң ережелері мен рәсімдері тиімді жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сарапшылардың кәсіби қызметін реттейтін институттың ережелері — тәуелсіздік, бейтараптық және мүдделер қақтығысы болмауы сияқты қатаң этикалық стандарттарға негізделген.

«Сот төрелігі қоғамдағы әділеттілік пен тәртіпті сақтауда шешуші рөл атқарады. Ел дамуының қазіргі кезеңінде құқықтанушы сарапшылар бір жағынан құқықтық доктринаны дамыту мен нығайту бойынша қажырлы жұмысты жалғастыруды өздерінің негізгі міндеттері деп санайды, ал екінші жағынан-Қазақстан Республикасының құқық үстемдігі идеясын ұстанатын құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мақсатында құқық қолдану практикасын және сот жүйесінің жұмысын қалыптастыруға көмектесу», – деп атап өтті «ZanSar»сараптамалық-құқықтық зерттеулер институтының құрылтайшысы, Айгуль Кенжебаева.

– Біз институтымыздың сараптамалық қорытындылары судьяларға құқықтың күрделі мәселелері бойынша ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетініне, сондай-ақ судьялардың жұмысын жеңілдетуге және осындай мәселелерді талдауға уақыттарын үнемдеуге ықпал ететіне сенеміз.  Сонымен қатар, сараптамалық қорытындылар сот төрелігінің сапасын қоғамдық бақылаудың бір түрі ретінде қызмет етеді, осылайша азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

Институттың жұмыс жоспарында басқа да маңызды құқықтық мәселелер бойынша бірқатар қорытындылар бар. Зерттеулер мен қорытындыларды дайындауға арналған тақырыптар ғылыми негізделген сот практикасын қалыптастыруға ықпал ететіндей қылып таңдалады.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img