28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау шипажайында фристайлдан FIS әлем кубогы өтеді. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынында шараның жай-жапсары айтылды.
Сайыс могулдар, параллель могулдар және шаңғы акробатикасы кезеңдерінен тұрады.
Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінен мықты спортшылар қатысады, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, өткен кезеңдердің жеңімпаздары келеді. Ал жалпы қатысушылар саны 100-ден астам адамды құрайды.
Қатысушы елдер: Австралия, Канада, Қытай, Чехия, Испания, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Жапония, Корея, Швейцария, Швеция, Украина, АҚШ, Қазақстан.
Сайыстардың бағдарламасы:
25 ақпан – Командалардың ресми келу күні
28 ақпан – Могул
1 наурыз – Параллельді могул
2 наурыз – Шаңғымен акробатика
Әрбір жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Әлем кубогы кезеңі кезінде Qazsport арнасында және YouTube FIS-TV арнасында тікелей трансляция көрсетіледі.
2024-2025 жылғы маусымда FIS Әлем кубогының кезеңдері ерекше маңызға ие, себебі олар 2026 жылғы Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері болмақ. Бұл спортшылар FIS ұпайлары үшін ғана емес, сондай-ақ 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу үшін біліктілік ұпайларын жинау үшін сынға түсетіндіктен, көрермендерді қызу тартыс күтіп тұр.