Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында ҚХР өкілдері мен қала басшылығы кеңес өткізді. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық пен туризмді дамыту жайы сөз болды.
Қазақ-қытай шекарасында визасыз режим енгізілгелі тараптардың барыс-келісі артқаны белгілі. Қазақстан қалаларында қытайлық туристерді жиі байқаймыз. Ал, Қонаевтағы басқосуда қазақстандық туристер үшін арғы беттің көрікті жерлері мен әлеуеті таныстырылды.
Қазақстандық тарап та қалыс қалмай елдегі инвестицияға қолайлы жобаларды, туристік орындарды және ыңғайлы бағыттар жайлы баяндамалар оқылды.
Бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Екі тараптың өзара қызығушылығын ескере отырып, алдағы уақытта туристер ағынының артуын және жаңа бірлескен жобалардың пайда болуын күтуге болады.