АҚШ президенті Дональд Трамп Білім министрлігін тарату туралы Жарлыққа қол қойды.
Трамптың сайлауалды бағдарламасының бөлігі болған шешімге сәйкес, АҚШ-тың жекелеген Штаттары білім беру саясатын бақылауды жүзеге асырады.
Трамп өзінің шешімін түсіндіре келе америкалық білім беру жүйесі өте тиімсіз жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Демократтар Дональд Трамптың ведомствоны тарату туралы шешімін жауапсыз әрекет деп атады.
АҚШ Білім министрлігі мектеп бағдарламасын бақыламауда ұстамайды. Ведомство мемлекеттік мектептерге қаражат бөлуді қадағалайды, студенттік несиелерді басқарады және аз қамтылған оқушыларды қолдау бағдарламаларымен айналысады.