Тағыберген тағы да чемпион

28 ақпанда футболдан Қазақстан Суперкубогын алматылық “Қайрат” пен қостанайлық “Тобыл” сарапқа салып, “Тобыл” жеңімпаз атанды (2:2, пенальти нәтижесі  4:5), деп хабарлайды Jananews.kz

“Астана аренада” өткен финалға оралдық Денис Тевящов бастаған төрешілер тобы қазылық етті. Fashscore дерегінше ойынды 15546 көрермен тамашалаған. 

Ойынның 6-минутында “Тобылдың” жаңа ойыншысы Герра дебюттік голын салып, есепте алға шықты (0:1). Ойынның 16-минутында “Қайраттың” капитаны  Мартынович жарақат алып, оны  Қасаболат ауыстырды. Ойынның 20 минутында қақпа алдындағы қарбалас кезінде аяғына келген соққыны әдемі орындаған Мрынский есепті теңестірді (1:1).  25 минутта “Тобыл” қақпасына пенальти белгіленіп, “Қайраттың” португалдық шабуылшысы Жоржино мүлт кетті. Десе  де қақпашыдан қайтқан допты тағы бір дебютант Яакко Оксанен қақпаға тоғытып, жаңа клубын алға шығарды (2:1). 

“Қайраттың” жас жұлдызы Дастан Сәтпаев ойынға 71-минутта қосылды. Ойынның соңғы 20 минутында аса көзге түсе қоймады. 90 минут түгесілуге тақағанда “Тобылдың” капитаны Асхат Тағыберген айып добын қақпаның сол жақ бағанына дәл теуіп, 89-минутта есепті теңестірді (2:2). 

Регламентке сәйкес негізгі уақыт тең аяқталған соң, ойын пенальти сериясына ұласты. Пенальтиде “Қайраттың” алғашқы тепкен ойыншысы Рикардиньо соққысын “Тобыл” қақпашысы қайтарды және осы сейф “Тобылдың” чемпион болуына жол ашты (4:5). 

Баспасөз конференциясы

Ойыннан кейінгі баспасөз конференцияда “Қайрат” бас бапкері Рафаель Уразбахтин жеңілістен сабақ алатындығын айтты. 

 

— Жеңілістің болғаны өкінішті. Жеңіске өте жақын қалған едік, соңғы минуттағы айып добын күтпеген жерден жіберіп алдық. Одан кейінгі пенальти сериясында бізге сәттілік серік болмады. “Тобылды” суперкубок иегері атануымен құттықтаймыз. Ал біз ары қарай жалғастырамыз. Ойынға анализ жасап, алға қарай жылжитын боламыз. Алда маусым күтіп тұр,- деді Уразбахтин. 

Ал суперкубок иегері “Тобылдың” бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев ойынның қиын болғанын жасырмады.

“Қиын ойын болды деп санаймын. Тобыл жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын. Қайрат та өте жақсы ойын көрсетті. Мықты команда, ел чемпиондары. Бізге қиын болды. Бірақ біздің жігіттер екінші таймның соңында мінез көрсетті. Оларға рақмет айтамын”, деді. 

Сонымен Қостанайлық “Тобыл” осымен төртінші рет Суперкубок иегері (2021, 2022, 2024, 2026 жж.) атанса, капитан Асхат Тағыберге “тобыл” сабында 2-рет бұл титулды жеңді. Ал “Қайрат” клубы Суперкубокты 3 рет (2016, 2017, 2025 жж.) жеңген.  

Ойынға қатысқан негізгі құрам:

«Қайрат»: Анарбеков, Луиш Мата, Широбоков, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Глейзер, Юккола, Мрынский, Жоржиньо, Эдмилсон;
«Тобыл»: Бусурманов, Папе-Альюн, Цавнич, Марочкин, Жагоров, Вукчевич, Мякиш, Тағыберген, Зуев, Герра, Хебай.



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img