Қытайдан келетін көші-қон ағынының күрт өсуі

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан қоныс аударушылар санының айтарлықтай өскені байқалды. Data Hub мәліметінше, бұл көрсеткіш соңғы жылдармен салыстырғанда рекордтық деңгейге жеткен.

2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға 1 260 адам келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш еседен астам жоғары көрсеткіш болып табылады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қытайдан келетін иммигранттар ағынының мұндай жоғары деңгейі соңғы тоғыз жылда алғаш рет тіркелді. Соңғы екі жылдағы деректер Қытай азаматтарының көші-қон белсенділігінің тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр.

Иммиграция бойынша елдер рейтингі

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келгендер саны жағынан елдер келесідей ретпен орналасқан: Өзбекстаннан 2 275 адам (көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға азайған). Ресейден 1 265 адам (былтырғыдан 29 пайызға көп), ал Қытайдан 1 260 адам (үш еседен астам өсім тіркелген).

Айта кетерлігі, Қытай мен екінші орындағы Ресей арасындағы айырмашылық небәрі бес адамды құрайды.

Қоныс аударушылардың құрамы мен аймақтық таңдауы

Қытайдан қоныс аударғандардың басым көпшілігі, атап айтқанда 99,5 пайызы — этникалық қазақтар. Көшіп келушілер үшін ең тартымды өңірлер ретінде Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстары танылып отыр. Ресми статистикаға тұрақты тұратын елін заңды түрде ауыстырған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар ғана енгізілген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img