Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ресми ақпаратына сүйенсек, алғашқы тоқсанда бұл мемлекеттің жалпы сыртқы сауда айналымы 18 млрд долларға теңеліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өскен.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстар оң динамика көрсетіп, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан көршілес елдің негізгі сауда серіктестерінің үштігіне енді.Осы кезең аралығында Өзбекстан әлемнің 170 елімен сауда-саттық қатынастарын жүргізген, — деп хабарлайды kazinform.
Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері
Көршілес елдің сыртқы нарықтағы негізгі серіктестерінің көрсеткіштері:
Қытай Халық Республикасы сауда көшін бастап тұрған бұл елмен арадағы тауар айналымы 4,6 млрд доллардан асып, Өзбекстанның жалпы сыртқы сауда көлемінің 25,6%-ын құрады. Ресей Федерациясы 2-орында тұрған бұл мемлекеттің үлесіне жалпы сауда-саттықтың 18,2%-ы тиесілі, ал өзара экспорт-импорт көлемі 3,2 млрд доллардан асты. Қазақстан Республикасы Көшбасшылар үштігін қорытындылайтын елімізбен арадағы тауар айналымы 1,3 млрд доллардан (жалпы көлемнің 7,2%-ы) асып жығылды.
Қазақстанмен сауда-саттықтың өсімі мен құрылымы
Астана мен Ташкент арасындағы алғашқы тоқсандағы тауар айналымы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 280 млн долларға өскен.
3 айдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда операцияларының құрылымы мынадай сипат алды: Өзбекстан Қазақстан нарығына 282,2 млн доллардың тауарын бағыттаған. Өзбекстан тарапы Қазақстаннан 1 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.
Сауд Арабиясы қажылық маусымында медициналық қызметтер сапасын арттыруды қадағалайды — jananews.kz


