Қазақстан Азия чемпионатын 22 медаль иеленді

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) ресми мәліметінше, отандық балуандар бұл байрақты бәсекені жоғары көрсеткішпен аяқтап, қоржынға жалпы саны 22 медаль салды.

Оның ішінде 7 алтын, 10 күміс және 5 қола жүлде бар.

Жарыс қорытындысы мен жүлдегерлер тізімі

Қазақстан құрамасы күрестің үш түрінен де үздіктер қатарынан көрініп, бозкілемде мықты дайындықтарын дәлелдеді. Күрес түрлері бойынша жүлдегерлер көрсеткіші:

Еркін күрестен алтын иегерлері Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін). Күмісті Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін) және Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) қанжығасына байлады, ал қола иегері Шаттық Алайдар (65 келіге дейін).

Грек-рим күресінен Алтынды Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) мен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) қанжығасына байлады. Күміс иегерлері Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін), ал қоланы Диас Нұрақов (63 келіге дейін) мен Кирилл Минько (82 келіге дейін) алды.

Әйелдер күресі бойынша алтынды иеленген Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін). Күміс иегерлері Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) және Алина Ертөстік (76 келіге дейін), ал қоланы иеленген Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін) және Виктория Хусаинова (59 келіге дейін).

Жастар құрамасының бұл тамаша жетістігі еліміздегі спорт мектептері мен палуандар кавалериясының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте айқындап берді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд долларды құрайды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img