СІМ Иран уранын Қазақстанда сақтау туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен АҚШ арасында ядролық келісім орнаған жағдайда, Иранның байытылған уранын Қазақстан аумағында сақтау бастамасы туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) таратқан ақпаратына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бұған дейін МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси АҚШ пен Иран арасында оң мәмілеге қол жеткізілген жағдайда, Иранның байытылған уран қоры Қазақстанда сақталуы мүмкін екенін жариялаған еді. Агенттік басшысының сөзіне сүйенсек, әңгіме 60 %-ға дейін байытылған 440 келі уран қоры туралы. Рафаэль Гросси бұл ұсынысты оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей айтқанын жеткізді.

МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі назарға алынған

ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев ведомствода өткен апталық брифинг барысында бұл халықаралық бастаманың мән-жайын нақты түсіндірді. Оның айтуынша, МАГАТЭ хабарламасында ұйымның тікелей бақылауындағы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған төмен байытылған уран банкі меңзелген.

«Бұл жағдайда МАГАТЭ басшысы Қазақстан аумағында орналасқан, агенттікке тиесілі төмен байытылған уран банкін де атап өтті. Аталған банк ядролық қаруды таратпау жөніндеге жаһандық режимді нығайтуға маңызды үлес қосып, бейбіт атом бағдарламалары үшін ядролық отынның кепілдендірілген жеткізілімін қамтамасыз ететін қосымша тетік болып отыр», — деді СІМ ресми өкілі.

Спикер Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың толыққанды қатысушысы әрі ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде атом энергиясын тек қана бейбіт мақсаттарда және МАГАТЭ кепілдіктері аясында пайдалануды қатаң қолдайтынын ерекше атап өтті.

Қазақстанның келіссөздерге қатысты ұстанымы мен дайындығы

СІМ өкілі Қазақстанның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздер процесінің барысын өте мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді. Еліміз өңірлік және жаһандық тұрақтылықты, қауіпсіздікті әрі сындарлы диалогты нығайтуға бағытталған кез келген күш-жігерді қолдауға әзір. Ерлан Жетібаев Қазақстанның техникалық дайындығы туралы:

Барлық мүдделі тараптар арасында тиісті халықаралық келісімдерге толық қол жеткізілуі тиіс; Мәселе талқылаудан нақты практикалық іске асыру кезеңіне өткен жағдайда, Қазақстан оны шешуге қажетті техникалық қолдау көрсетуге дайын.

Байытылған уран — заманауи атом электр станцияларының (АЭС) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін де, сондай-ақ зауыттарда одан әрі жоғары деңгейде байытылған жағдайда ядролық қару жасау үшін де пайдаланылуы мүмкін өте күрделі материал.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері Ресей Федерациясында бас қосады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img