Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылында орын алып, 3 адамның қаза болуына әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы өтуде.
Бүгін, 8 маусымда өткен сот процесінде қайғылы жағдайда көз жұмған үшінші марқұм Томирис Қыдырбектің отбасы ресми түрде өз ұстанымын білдірді.
Жәбірленуші тараптың айыпталушымен татуласуы
Сот отырысы барысында марқұм Томирис Қыдырбектің анасы айыпталушы Александр Пакқа ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін мәлімдеп, өз қолымен жазған ресми өтінішін сотқа ұсынды. Жәбірленуші тараптың өтінішінен үзінді:
«Жол-көлік оқиғасының ауыр салдарына және қызымның қазасына қарамастан, мен және менің жақын туыстарым Пакқа кешірім бердік және толық татуластық. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады, келтірілген материалдық және моральдық шығынды толық өтеді. Қазіргі уақытта ешқандай материалдық немесе моральдық талабымыз жоқ және болашақта да болмайды. Татуласу ерікті түрде жүзеге асты, салдары түсіндірілді, шешім саналы түрде қабылданды».
Қайғылы жағдайға тап болған барлық марқұмдардың отбасылары қазіргі уақытта «Zeekr» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты соттан бас бостандығынан айырмайтын шартты жаза тағайындауын сұрады.
Қайғылы жол апатының мән-жайы
Ауыр резонанс тудырған бұл жол-көлік оқиғасы үстіміздегі жылдың 21 наурызына қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында орын алған болатын. Тергеу амалдарының ресми нұсқасы бойынша «Zeekr» маркалы электр көлігінің жүргізушісі белгіленген қозғалыс ережесін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Қарсы бағытқа шыққан көлік сол жолақта келе жатқан «Mercedes» автокөлігімен жоғары жылдамдықта соқтығысқан.
Соққының қатты болуы салдарынан «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі мен ішінде болған 2 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апатының сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды — jananews.kz


