5-6 шілде күндері Алматы қаласында құқықтық сауаттылықты арттыруға және «Адал Азамат» қағидатын ілгерілетуге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Жоба аясында Алатау, Бостандық, Түрксіб, Наурызбай, Жетісу, Медеу, Алмалы және Әуезов аудандарының тұрғындары үшін заңнамалық реформалар мен азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Жоба барысында арнайы спикерлер қаланың адам көп жиналатын ірі қоғамдық нысандарында — «Атакент» көрме орталығы мен «Гранд Парк» сауда үйлері аумағында, Орталық стадион мен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы маңында, Арбат саябағы мен Сайран көлінің маңында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жанында тұрғындармен тікелей жұмыс істеді. Кездесулерде ақпараттық баннерлер мен арнайы әзірленген түсіндірме парақшалары пайдаланылып, келесі өзекті бағыттар бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді:
— Жер, тұрғын үй және мұрагерлік қатынастардағы құқықтық реттеу тетіктері;
— Отбасылық құқық және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау;
— Қаржылық қауіпсіздік ережелері мен қарыз алушылардың құқықтық кепілдіктері.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар жаңа Конституция қарсаңында еліміздің негізгі заңына енгізілген басты өзгерістерге тоқталып, ауқымды ақпараттық консультация жасады. Жоба спикерлері Әділетті қоғам орнатудың негізгі тірегі — заң үстемдігі мен құқықтық тәртіп екенін алға тартты. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзі еске түседі.
Қазақстан Халықаралық физика олимпиадасында 5 алтын иеленді — jananews.kz


