Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми мәліметінше, бүгінде ел халқының 44,5%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады.
Бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру мен инфрақұрылымды жаңғырту шаралары халықаралық жарыстардағы тарихи жеңістерге де берік негіз қалауда. Ұлт саулығын нығайту, бұқаралық спортты дәріптеу және балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы мемлекеттік реформалар өз нәтижесін көрсетуде.
Балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау
Мемлекет тарапынан өсіп келе жатқан жас ұрпақтың спорттық әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінуде. Ресми есеп бойынша балалар мен жасөспірімдердің 34,6%-ы тұрақты түрде спортпен шұғылданады:
- Бүгінгі таңда 4 пен 17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады.
2. Аталған тегін секцияларды қолдау мен дамыту мақсатында мемлекеттік бюджеттен жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі аясында 50 миллиард теңге бағытталған;
3. Еліміздегі 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) 400 мың жас спортшы кәсіби деңгейде тұрақты жаттығады.
Инфрақұрылымдық даму және кадрлар даярлау
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша елде кәсіби спорт мамандарын оқыту сапасын түбегейлі жақсарту үшін арнайы Қазақ ұлттық спорт университеті өз жұмысын бастады. Бұл жоғары оқу орны жаттықтырушылық қызмет, спорттық медицина, спорттық аналитика және спорт менеджменті бағыттары бойынша халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлайды. Сонымен қатар, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мақсатында инфрақұрылымдық жұмыстар іске асырылуда:
Халықаралық аренадағы тарихи жетістіктер
Бұқаралық спорт пен кәсіби олимпиадалық резервтің жүйелі дамуы отандық спортшылардың әлемдік додаларда рекордтар орнатуына жол ашты. 2026 жылы Қазақстан спорты бірқатар тарихи нәтижелерге қол жеткізді:
XXV Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан өз тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады;
XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында отандық спортшылар биатлон мен шаңғы жарысынан алтын және қола медальдарды қоржынға салды;
Қазақстандық теннисші әйгілі Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында чемпион атанса, шахматшымыз беделді Norway Chess Women 2026 супертурнирінің бас жүлдесін иеленді;
Стенд атудан өткен Әлем кубогында отандық мергендер әлемдік рекордты қайталады.
Медальдар көрсеткіші: Жыл басынан бері отандық спортшылар 11 әлем чемпионаты мен 26 Азия біріншілігінде бақ сынап, жалпы 152 медаль (99 алтын, 33 күміс және 20 қола) жеңіп алды.
Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық деңгейде семсерлесу, стенд ату, боччадан Әлем кубоктарын, IBSA Judo Grand Prix Astana турнирін және дзюдодан беделді Grand Slam кезеңдерін жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіп, әлемдік спорт хабына айналды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен кездесті — jananews.kz


