Қазақстанда автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану кезеңінде қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды камтамасыз ететін бірыңғай ведомстволық норматив әзірлеуде.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа құжатты 2026 жылдың соңына дейін ресми бекітіп, 2027 жылғы 1-қаңтардан бастап толық күшіне енгізу жоспарланған. Нормативтік құжатты Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) әзірлеуде. Бул құжат автожолдардың бүкіл өмірлік циклін — алғашқы жобалаудан бастап қайта жаңғырту мен пайдалану кезеңіне дейінгі барлық процестерді қамтиды.
Жаңа экологиялық стандарттың негізгі бағыттары
Осы уақытқа дейін жол құрылысындағы экологиялық талаптар негізінен ұсынымдық сипатта болса, жаңа регламент оларды міндетті түрде орындалатын ережелерге айналдырады. Институт хабарламасына сәйкес, құжатта келесі талаптар қарастырылған:
— Құрылыс алаңдарында жерүсті суларын бұру жүйелерін құру, ластанған ағындарды тазарту, тазартылмаған судың су айдындарына төгілуіне жол бермеу және мұнай өнімдері төгілген жағдайда жедел әрекет ету;
— Құрылыс басталмас бұрын топырақтың құнарлы қабатын міндетті түрде сылып алып, бөлек сақтау, кейін бүлінген аумақтарды қалпына келтіру үшін қайта пайдалану;
— Жол бағытын жобалау кезінде жануарлардың көші-қон жолдары, балықтардың уылдырық шашу орындары мен құстардың ұя салатын аумақтары ескеріледі. Қажет болған жағдайда арнайы қоршаулар мен ескерту белгілері орнатылады;
— Шаң мен зиянды газ шығарындыларын төмендету, шу деңгейін шектеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару.
Экологиялық нормативті енгізу кезеңдері


