1 қазаннан бастап Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ биыл 1 қазаннан бастап алғаш рет халықаралық қатынаста «Әйелдер вагоны» қызметін ұсынады.

Арнайы вагон Қазақстан мен Өзбекстан астанасын байланыстыратын №1/2 «Алматы – Ташкент» бағытындағы тұрақты жолаушылар пойызы құрамына енгізіледі. Ұлттық тасымалдаушы бұл шешімді екі ел арасындағы жолаушылар легінің артуымен және нәзік жандылар тарапынан қауіпсіз әрі жайлы сапарға деген сұраныстың жоғары болуымен түсіндірді.

946 мыңнан астам жолаушы және пойыз кестесі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжановтың мәліметінше, аталған сервис іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланып үлгерген. №1/2 «Алматы – Ташкент» пойызы күн сайын төмендегі кесте бойынша қатынайды:

Алматы станциясынан жөнелуі — 19:05;

Ташкент станциясына келуі — 12:53 (Ташкент уақытымен);

Ташкент станциясынан жөнелуі — 14:41 (Ташкент уақытымен);

Алматы станциясына келуі — 08:51.

«Әйелдер вагоны» қолжетімді 14 бағыттың тізімі

Халықаралық жаңа маршруттың қосылуымен ел бойынша бұл қызмет түрі қолжетімді бағыттар:

* №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

* №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

* №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

* №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

* №47/48 «Атырау – Астана»;

* №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

* №3/4 «Астана – Алматы»;

* №71/72 «Астана – Шымкент»;

* №353/354 «Астана – Семей»;

* №23/24 «Ақтөбе – Алматы»;

* №25/26 «Алматы – Шымкент»;

* №613/614 «Орал – Маңғыстау»;

* №81/82 «Нұрлы жол – Орал»;

* №1/2 «Алматы-2 – Ташкент».

Жолаушыларға арналған ережелер мен билет сатып алу тәртібі

«Әйелдер вагонына» билет тек әйелдерге сатылады, ал жол бойы қызметті тек әйел жолсеріктер көрсетеді. Ересек адаммен бірге еріп жүретін 7 жасқа дейінгі ұл балалардың осы вагонда жүруіне рұқсат беріледі. Онлайн немесе кассадан билет рәсімдегенде орынның әйелдер вагонына тиесілі екенін көрсететін «ЖН» арнайы белгісіне назар аудару қажет. Билеттер пойыз жүретін күннен 45 тәулік бұрын bilet.railways.kz сайтында және теміржол кассаларында сатылымға шығады.

АҚШ бүкіл әлем бойынша виза беруді уақытша тоқтатты — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img