Қызылорда облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аяқталып келеді.
Өңірдегі 190 мыңнан астам оқушы білім алатын мектептердегі жағдай, сондай-ақ шалғайдағы ауылдардың балаларын тасымалдау және қауіпсіздік мәселелері пысықталды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аймақтағы мектебі жоқ 47 елді мекенде мектеп жасындағы 727 бала бар.
47 ауылдың балалары қалай оқиды: Тасымалдау және қатынау форматы
Мектебі жоқ ауылдардағы 545 бала арнайы бөлінген көліктермен күнделікті қатынайды. Жалпы облыс бойынша 53 оқу ошағына тиесілі 60 автокөлік 6 400-ге жуық баланы тасымалдайды. Қалған 182 оқушы жақын маңдағы мектептері бар елді мекендердегі туыстарының үйінде тұрып оқиды. Автокөліктердің жүру кестесі жергілікті әкімшілік полициямен келісіліп бекітілген. Жүргізушілерге 5 жылдан астам тәжірибе талабы қойылып, барлық көліктер бейнетіркеу құралдарымен және GPS-мониторинг жүйелерімен қамтылды.
Қазақстан алғаш рет Германияның ірі туристік форумын қабылдады — jananews.kz

