Балабақша кезегі 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды

Елімізде ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізудің арқасында мектепке дейінгі білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақша кезегі күрт қысқарғанын мәлімдеді. Пилоттық жобаның нәтижесінде кезек 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайып, мемлекеттік бюджеттің 35,3 млрд теңгесі үнемделді.

Ваучерлік қаржыландыру және пилоттық жоба нәтижелері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын қаржыландырудың жаңа тетігі тиімділігін көрсетуде. Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба елдің 20 қаласы мен 23 ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында ата-аналар мен балаларға жалпы саны 1,1 млн ваучер табысталды. Ашық қаржыландыру жүйесі мен бәсекелестік арқасында қазына қаражатынан 35,3 млрд теңге үнемделіп, қаражат мақсатты түрде жұмсалуда.

Елімізде барлығы 12 мыңнан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде 1 миллионнан астам бала тәрбие алуда. Жалпы 360 мың бала мектепалды даярлықтан өткен. Оның ішінде 193 мың бала балабақшаларда тәрбиеленсе, 167 мың бала мектептер жанындағы мектепалды сыныптарда оқытылған.

Жұлдыз Сүлейменова: Қазақстан әлемдік зияткерлік бәсеке алаңына айналып келеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img