Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру (ТиКБ) жүйесін жаңғырту және кадрларға деген нақты сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ауқымды қабылдау науқаны басталды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова биыл кәсіпорындардың тікелей өтінімдері бойынша 10 мыңнан астам студент міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен қабылданатынын мәлімдеді.
Колледждердегі мемлекеттік тапсырыс пен негізгі көрсеткіштер
Бүгінде республика бойынша 763 колледж жұмыс істейді, онда барлығы 556 мың студент білім алуда. Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін арттыру үшін биыл мемлекеттік тапсырыс аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарланып отыр. Бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы нақты өндіріс пен техникалық бағыттағы мамандықтарға бағытталған.
Талапкерлерді қабылдау процесі ашықтықты қамтамасыз ету үшін Бірыңғай «OQU» платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды — jananews.kz

