Бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Осы шешімнен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тынымбайұлы Қаринді Қазақстан Республикасының Вице-президенті қызметіне ресми түрде тағайындады.
Ерлан Қариннің өмірбаяны мен еңбек жолы
Жаңадан тағайындалған Вице-президент көп жылдар бойы мемлекеттік басқару жүйесінде және саяси салаларда жоғары лауазымдарды атқарған тәжірибелі маман. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген (1996 ж.). Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын тәмамдаған (1999 ж.).
Негізгі қызмет сатылары:
Ақтөбе қаласындағы №33 мектептің география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж.);
Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж.);
ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж.);
ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж.);
Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің шақырылған профессоры (2013 ж.);
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж.);
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы (2017 ж.);
ҚР Президентінің кеңесшісі және көмекшісі (2019–2020 жж.);
ҚР Мемлекеттік хатшысы (2022 ж.) және ҚР Мемлекеттік кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Ерлан Тынымбайұлы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
Колледждерге 10 мыңнан астам студент жұмысқа орналастыру шартымен қабылданады — jananews.kz

