«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек XX «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінде «Толықметражды көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясын жеңіп алды.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Режиссер Асхат Кучинчирековтың туындысы әлі де халықаралық аренада әртүрлі кинофестивальдерде жүлдегер болып жатыр.
Атап айтсақ, Сан-Себастьян кинофестивалінде премьерасы өтіп, Қазақстандағы үздік дебюті үшін «Сыншылардың таңдауы» сыйлығын, Asia Pacific Screen Awards (APSA) кинофестивалінде ең үздік жастар фильмі сыйлығын, 22-ші халықаралық «Дух огня» кинофестивалінің бас жүлдесін және басқа бірқатар марапатты иеленді.