ҚР Еңбек сіңірген әртісі қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күләш Қажығалиева қайтыс болды. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының баспасөз қызметі  хабарлады. 

«ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті», — делінген хабарламада.

Күләш Қажығалиева 1942 жылы 9 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.1961-1967 жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының «Актер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1967 жылы жолдамамен Қазақ Мемлекеттік балалар мен жастар театрына актриса болып қабылданған.

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген әртіс Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар , Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img