Ғылымға инвестиция: Алматылық ғалымдар пәтерлеріне қоныстанды

Қазақстанда адами капиталды дамыту және ғылыми әлеуетті қолдау бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген 10 жас ғалымға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады. Бұл шара мемлекеттік саясаттың тек сөз жүзінде емес, нақты іспен жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі.

Тұрғын үйлер еліміздің негізгі ғылыми-білім беру орталықтары саналатын Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде, яғни тегін берілді. Қазірдің өзінде Алматы қаласынан баспана алған жас ғалымдар толықтай жабдықталған, тұруға дайын жаңа пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Баспаналы болған жас ғалымдардың шаңырағында нағыз қазақы той да өтті. Жаңа

ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ҚОЛҒА АЛҒАН

зерттеушілердің қуанышымен бөлісуге туған-туыстары мен жақындары арнайы жиналып, ұлттық дәстүрге сай ақ тілекпен «шашу» шашылды. Ақ жаулықты аналар жаңа қонысқа құт-береке тілесе, ақсақалдар жастардың ғылым жолындағы ізденістеріне толағай табыс тілеп, ақ батасын берді. Бұл тебіреністі көрініс мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықтың тек бір маманның ғана емес, бүкіл әулеттің мерейін өсірген үлкен қуаныш екенін, сондай-ақ заманауи жетістіктердің ұлттық құндылықтармен тамаша үндесетінін айқын көрсетті.

Қоныс тойын тойлаған жас зерттеушілер өздерінің шынайы қуаныштарын жасырмай, мемлекетке деген шексіз ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, баспана мәселесінің оңтайлы шешілуі және жасалған мұндай қолайлы жағдайлар тұрмыстық проблемаларға алаңдамай, тек

ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕР

мен кәсіби қызметке толықтай ден қоюға үлкен мүмкіндік береді.

Ғалымдарды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бүгінгі таңда ғылымның әлеуеті кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықаралық аренадағы беделін нығайтудың негізгі факторына айналып отырғанын қадап айтқан-ды.

«Ғылым мен білімге ауқымды инвестиция салған мемлекеттер ғана әлемдік көштің алдыңғы қатарынан көрінеді. Отандық ғылымның келешегі – жаңа креативті идеялар ұсынып, ел дамуына тың серпін беретін дарынды, мақсатшыл әрі зияткер жас буынның қолында», — деп атап өтті Президент.

Бұл сөздер ғылым саласының стратегиялық басымдыққа ие екенін және мемлекеттің жас ғалымдарға артып отырған үмітінің зор екенін аңғартады.

Айта кетерлігі, ғалымдарды тұрғын үймен қамту – бір реттік акция емес, жүйелі жұмыстың нәтижесі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек,

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

үшін жас ғалымдарға арнайы мемлекеттік гранттар қарастырылған. Сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру және халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің ең жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері де кеңейтіліп отыр. Мұндай кешенді қолдау шаралары Қазақстан ғылымының жаңа деңгейге көтерілуіне берік іргетас қалайды.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2026 жылы кімдерге және қалай төленеді? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img