Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау рәсімдері басталғанын мәлімдеді.
Президент ең алдымен Құрылтайдың басшылық құрамы мен құрылымын қалыптастыру қажеттігін атап өтіп, Конституцияның 57-бабына сай жауапты лауазымға өз ұсынысын жеткізді. Президент бұл қызметке мол тәжірибесі бар, отаншыл әрі адал азамат ретінде Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынып, депутаттардан оны қолдауды сұрады.
Билік институттарын жасақтау және алдағы маңызды қадамдар
Мемлекет басшысы жаңа саяси жүйе аясында атқарылатын кезекті рәсімдер мен реформалар тізбегін атап өтті. Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Құрылтай құрылымы жасақталған соң Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын ұсынады. Сонымен қатар депутаттармен ақылдаса отырып, Үкімет мүшелерін тағайындайды. Жаңа жүйеде Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы жаңадан тағайындалады.
Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы жарияланады. Президент атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері Жолдауда көтерілген барлық бастаманы бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс екенін қатаң ескертті.
Қазақстан 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайды — jananews.kz

